Дәрігерлер шекарамен шектелмейтін вируспен күрестің алғы шебінде
https://itolqyn.com/news/iran-i45707
Әлемде коронавирустың таралуы осы қатерлі вирусқа шалдыққан елдердің басты дағдарысына айналды. Иранның медициналық қауымы тәулік бойы жұмыс жасап, коронавируспен күресіп жатыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 28, 2020 18:35 Asia/Almaty
  • Дәрігерлер шекарамен шектелмейтін вируспен күрестің алғы шебінде

Әлемде коронавирустың таралуы осы қатерлі вирусқа шалдыққан елдердің басты дағдарысына айналды. Иранның медициналық қауымы тәулік бойы жұмыс жасап, коронавируспен күресіп жатыр.

Коронавирус Иранда Құм қаласынан басталды. Иран үкіметі мен Денсаулық сақтау министрлігі вирустың алдын алуға талпыныстар жасап жатыр. Бүгінде дәрігерлер мен мейірбикелер бар күш-қуаттарымен вируспен күресіп жатыр.  

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бейсенбі күні Иранның медициналық ғылымдар академиясының басшысымен кездесуінде елдің Денсаулық сақтау министрі мен оның әріптестері, дәрігерлер мен мейірбикелер, медициналық орталықтардың қызметкерлеріне коронавируспен күресіп жатқандары үшін алғыс айтып: «Бұл аса құнды талпыныстар медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орнын жоғарылатады және мұның сауабы да мол»,-деп еске салды.  

Иранның медицина қызметкерлерінің джиһадтық ісімен қоса, коронавирустың таралуы жөнінде хабарландыру және ашық әрекет ету  халықтың сенімін арттыруға көмектеседі. Қазір қоғамда вирусқа қарсы жалпыұлттық басидж-мобилизация қалыптасты. Бұл жалпыұлттық мобилизация Ирактың Баас режимінің Иранмен соғысқан 8 жылдық кезеңін (1980-1988) еске салады. Теңсіз соғыстың соңында Иран жеңіске жеткен болатын.  

Дезинфекциялық заттардың тамшылығы коронавирустың кеңінен таралуына себеп болса да, әртүрлі компаниялардың маска мен дезинфекциялық сұйықтықтар шығару үшін күні-түні жұмыс істеуі, халықтың өз еріктерімен көмектесуі және бәрінен маңыздырақ дәрігерлер мен мейірбикелердің талпыныстары Иранда коронавируспен күрес жолын жеңілдетті.

Осы аяда Иранның Денсаулық сақтау министрі Саид Намакидің басқаруымен коронавирусты бақылауға бағытталған ұлттық штаб құрылды. Штаб коронавируспен күресті басқарып, күнделікті статистиканы хабарлап, атқарылатын шаралардың ашықтығын бақылайды.

Осы ұлттық штабтың хабарландыруы халықтың оған жақтасуын одан ары арттырады. Халықтың сенімін нығайту коронавирусты жеңудің ең маңызды құралы саналды.

Коронавируспен күресудің ұлттық сипатымен қоса, вирустың әлемнің 40-тан аса елінде таралуы осы індетке шалдыққан елдердің бірлесе кимылдауын қажет етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бақылауымен коронавируспен күресті басқаратын халықаралық орталық құру вирусқа шалдыққан елдердің бірлесе қимылдауына негіз бола алады.

Коронавируспен күресіп жатқан елдердің, соның ішінде вирус шыққан Қытайдың тәжірибелерімен алмасу дағдарысқа ұшыраған басқа елдерге айтарлықтай көмектеседі. Бұл аралықта медициналық құрал-жабдықтар мен санитарлық заттар шығаруда жақсы жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл Иранда коронавирустың таралуының алдын алып, оны басқаруға қажетті әлеуеттердің барын көрсетеді.