Иранда коронавирусқа шалдыққан 73 адамның жағдайы жақсарды
Ақп 28, 2020 18:44 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққан 73 адамның жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Киануш Жаһанпур жұма күні тілшілерге берген сұхбатында елде 388 адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, осы күнге дейін вирустан 34 адам көз жұмды»,-деді.
Жаһанпур: «Иранда вирус жұқтырғандардың орташа жасы – 50, ал қайтыс болғандардың орташа жасы 60-тан жоғары»,-деп еске алды.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы күнге дейін әлемде 83 мыңнан аста адам вирус жұқтырған. Олардың арасында 36 мың адам сауығып, 2800-ден аса адам көз жұмды.
Тегтер