Мусави Помпеоның алдамшы сөздеріне реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жұма күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның коронавируспен күресуге өз елінің Иранға көмектесуге дайын екені туралы уәждерін үгіт-насихаттық, екіжүзді және масқара әрекет деп тауып: «Саяси амбициялардан туындаған көрсетілімді әрекеттер коронавируспен күресетін жол емес»,- деді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави: «Экономикалық терроризм саясатымен Иран халқының кең ауқымды қысымдармен бетпе-бет келуіне себеп болған және тіпті дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың импортына тыйым салып отырған үкіметтің коронавируспен күресу үшін Иранға көмек ұсынуы - күлкілі уәждер және саяси-психологиялық ойын. Иран үкіметі осы кезге дейін елдің қажеттіліктеріне сәйкес дос елдер арқылы 1000 диагностикалық тест, арнайы хирургиялық маскалар, жасанды тыныс алу аппараттары мен басқа жабдықтарды сатып алды»,- деп қосты.