Иран ауруханалары коронавирусқа шалдыққандарды қабылдауға дайын
Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары елдің барлық ауруханаларының коронавирусқа шалдыққандарды қабылдауға дайын екенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасымжан Бабаи елдің барлық медициналық орталықтарына: «Коронавирусқа шалдыққандарды күту және бақылау қажеттігіне байланысты арнайы бұйрық берілмейінше Иранның барлық ауруханалары шұғыл емес науқастарды қабылдаудан бас тартып, вирус жұқтырғандарды ғана қабылдауы тиіс»,-деп жариялады.
Иранда вирус жұқтырғандар саны – 593 адам, соның ішінде 123 адам жазылса, 43 адам көз жұмды.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы күнге дейін әлемде 85 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдыққан. Олардың арасында 39 мыңнан аса адам сауығып шықса, 2900 адам көз жұмды.