Құм қаласында 180 төсектік далалық госпиталь салынуда
https://itolqyn.com/news/iran-i45759-Құм_қаласында_180_төсектік_далалық_госпиталь_салынуда
Құм қаласында коронавируспен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді арттыру үшін 180 төсектік жылжымалы далалық аурухана құрылуда.
(last modified 2026-01-10T12:01:37+00:00 )
Нау 04, 2020 14:07 Asia/Almaty

Құм қаласында коронавируспен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді арттыру үшін 180 төсектік жылжымалы далалық аурухана құрылуда.

Бұл далалық аурухананың құрылысы Ислам Революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері және Исфахан Сақшылар корпусының шәһид Садуқи атындағы   ауруханасының ынтымақтастығымен  дүйсенбі күні кешке Құм қаласының Ниругаһ аймағының «Нұр» мәдени кешенінде  басталды. Ауруханада әртүрлі бөлімдер оның ішінде ерлер мен әйелдерге арналған жедел жәрдем бөлмесі, бірнеше ота жасайтын бөлме, радиология бөлімі, ерлер мен әйелдер ауруханасы және дәріхана болады.