Ғарибабади: АҚХА «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөніндегі бақылауы мен тексерістерін жалғастыруда
(last modified Wed, 04 Mar 2020 09:49:07 GMT )
Нау 04, 2020 15:49 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: АҚХА «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөніндегі бақылауы мен тексерістерін жалғастыруда

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөніндегі бақылауы мен тексерістерін жалғастыруын қуаттады.

Казем Ғарибабади сейсенбі күні журналистердің алдында АҚХА-нің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы жөніндегі  тексерістер туралы жаңа есептің басылып шығуына тоқталып: «Бұл есеп Агенттіктің 2016 жылдың 16 қаңтарынан осы кезге дейін тексеріс жұмыстарын жалғастырып отырғанын растады. АҚХА-нің есебі Иранның «Форду» атом нысанындағы UF6 байыту жұмыстарын жалғастырып, уранды 4,5 пайызға байытуын көрсетті. АҚХА есебі Иранның байытылған уран қорының 2020 жылдың 19 ақпанына дейін 1020 кг 900 г екенін жариялады»,- деді. Ғарибабадидың айтуынша, АҚХА Иранның өзі жариялағандай жаңа центрифугаларды іске қосқанын мойындады.