Ислам революциясы жетекшісі коронавирустың алдында өзі мен басқалардың алдында жауапты болу қажеттілігін қуаттады
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Ирандағы Ағаш отырғызу және табиғи ресурстар апталығына орай екі жеміс ағашы көшетін отырғызып, Иранда таралған ауруға қызмет көрсетулеріне байланысты тағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.
Ислам революциясы жетекшісі науқастарға жазылу, қайтыс болғандарға рақым мен кешірім, олардың жақындарына сабыр тілеп: «Аурудың алдын алу үшін дәрігерлердің ұсынған ақыл-кеңестеріне немқұрайдылық танытуға болмайды. Өйткені Алла Тағала бізді өзіміз бен басқалардың денсаулығына жауапты болуға міндеттеді»,- деп қосты.
Коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында басталды. Осы кезге дейін Қытайдың 30 облысы мен әлемнің 70-тен астам еліне таралды. Сондай-ақ осы күнге дейін әлемнің 92000-нан астам адамы бұл ауруға шалдығып, 3000-нан астамы қаза тапты. Бұл ауруға шырмалған кейбір басқа елдер науқастарының саның жасырып отырғандарымен, расында бұл ауруға қарсы күрес жаһандық күреске айналды.
Шамамен екі апта бұрын Иранда коронавирусқа шалдыққандар расталғаннан бері халық хабардар болып, басшылар қажет шараларды іске асыруды бастады. COVID-19 жаңа және әрекеті белгісіз вирус болуына байланысты оны жеңу үшін мемлекеттердің тәжірибелерімен алмасуы қажет. Осы салада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай мамандары сейсенбі күні Теһранда Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің басшыларымен ортақ отырыс өткізіп, бұл аурудың таралу үдерісін талқыға салды. Коронавирустың өршуі - дамып келе жатқан дағдарыс. Басқа елдердегіндей Иранда да коронавирустың таралуы экономикалық жағдайға теріс әсерін тигізуде. Иран халқы өткен 40 жылда табиғи апаттар, экономикалық қысымдар және соғыс сынды оқиғалармен бетпе-бет келіп, бүкіл қиындықтар және дағдарыстардан өтті. Аятолла Хаменеидің айтуынша, «бұл сондай үлкен апат емес, одан үлкен апат болған». Әрине бұл дағдарыс басқа дағдарыстар сынды елдің жаңа әлеуеттерін ашады. Ирандықтар өз мүмкіндіктері мен наным-сенімдеріне сүйеніп, үнемі үмітсіздіктен өтіп, қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдырып, ерік-жігері мен ұлттық бірлігінің арқасында бүкіл қиындықтардан өтеді.