Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Теһрандағы Масих Данешвари ауруханасын аралады
https://itolqyn.com/news/iran-i45778-Дүниежүзілік_денсаулық_сақтау_ұйымының_өкілдері_Теһрандағы_Масих_Данешвари_ауруханасын_аралады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO) өкілдері Қытайдан келген мамандар тобымен бірге Теһрандағы Масих Данешвари ауруханасын аралап, науқастарды емдеу, қызмет көрсету және коронавирусты бақылау барысымен танысты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 05, 2020 14:36 Asia/Almaty

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO) өкілдері Қытайдан келген мамандар тобымен бірге Теһрандағы Масих Данешвари ауруханасын аралап, науқастарды емдеу, қызмет көрсету және коронавирусты бақылау барысымен танысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің  коронавирусты ауыздықтау және бақылау үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтып: «Иран жұқпалы ауруларды ауыздықтау саласында айтарлықтай күш-қуат пен қарым-қабілетке ие. Бұл қабілетті ауқымды су тасқыны сияқты табиғи апаттар мен дағдарыстар кезінде көрдік»,-деді.