ДДСҰ Ирандағы медициналық білімді мойындады
https://itolqyn.com/news/iran-i45799
Шекарасыз және белгісіз коронавирустың таралуы ұлттық күш-жігер, әлемдік кеңесулер және тәжірибелермен алмасудан басқа мемлекеттердің медициналық қоғамдастығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) назарын аудартты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 06, 2020 20:26 Asia/Almaty
  • ДДСҰ Ирандағы медициналық білімді мойындады

Шекарасыз және белгісіз коронавирустың таралуы ұлттық күш-жігер, әлемдік кеңесулер және тәжірибелермен алмасудан басқа мемлекеттердің медициналық қоғамдастығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) назарын аудартты.

 

ДДСҰ-ның делегациясы бірнеше күннен бері Теһранға келіп, кейбір ауруханаларды аралауымен бірге, бейсенбі күні Иранның Сыртқы істер министрлігі бсшыларымен кездесіп, пікір алмасты. ДДСҰ делегациясы Иранда коронавирустың таралуы басталған Құм қаласында да сапар шегуді көздеуде.  ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Ричард Бреннан Иран СІМ лауазымды адамдарымен кездесуінен кейін, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі басқаратын барлық мемлекеттік және азаматтық қоғамның барлық нысандарын жұмылдыру арқылы коронавируспен күресу саласындағы 16 күндік тәжірибесі дұрыс және қисынды бағалады.

Иранда Құм қаласынан коронавирус індеті тарала бастаған кезде, үкімет  Денсаулық сақтау министрлігі мен Коронавирус жөніндегі ұлттық штабтың басқаруымен өз шараларын бастады. Иранда коронавирустың таралуының алдын алу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндіктерін жұмылдырудан басқа азаматтық қоғам мен жеке адам гигиенасына назар аударылды. Коронавирустың таралуы мен осы кезге дейін ол туралы әлемдік білімнің жеткілікті болмауына байланысты Ирандағы бұл дағдарысты басқару жұмыстарын қолдап-қорғауға болады. Халықтың қажетсіз жиналыстарына тыйым салу мен жеке гигиенаға шынайы назар аудару сияқты шұғыл шешімдер Иранның Денсаулық сақтау министрлігіне коронавирусты басқаруға және бақылауға алуына көмектеседі. Сонымен қатар, Иранның медициналық жабдықтары, оның ішінде коронавирусты анықтайтын тестері, сондай-ақ дәрігерлер мен медбикелердің тәулік бойы коронавирустық науқастарды емдеу  талпыныстары жаһандық вирусқа қарсы тұруда жақсы тәжірибе көрсетті. Иранда коронавирусқа шалдыққан адамдардың сауығуы дамыған елдермен салыстырғанда өсіп келе жатқан тенденцияға ие. Бұл ирандық медициналық білімнің бүкіл әлемде және аймақтағы жетістіктерін көрсетеді. Иранның түпкір-түпкірінде коронавирус тестерін өткізетін 21 зертхананың ашылуы және келесі аптада олардың санының 40 зертханаға жетуі Иранның коронавируспен күрестегі жетістіктерінің айқын мысалы болып табылады. Медициналық білім деңгейінен басқа, Денсаулық сақтау министрлігі өзінің күн тәртібінде басқа ұлттық органдармен, оның ішінде Басидждер ұйымы, Сақшылар корпусы және Иран армиясымен бірлесе  алдын-алу шараларды іске асыруды қарастыруда. Денсаулық сақтау министрлік азаматтық қоғам  мен ұлттық басиджер ұйымы, маскалар мен дезинфекциялық құралдар шығаратын компанияларымен коронавируспен күресу үшін  бірлік пен ынтымақтастықтың әдемі көрінісін ұсынды. Бұл жұмыстар ДДСҰ-ның мадағына ие болды.