Иранда коронавирусқа шалдыққан 2400-ге жуық адам сауықты
Нау 09, 2020 22:42 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 2394 адам жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деп мәлімдеді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 7161 адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, осы уақытқа дейін 237 адам вирустан көз жұмды»,-деді.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін әлемде 111 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 62 мың адам жазылса, 3800-ге жуық адам қайтыс болды.
Тегтер