Ислам революциясы жетекшісі денсаулық қорғаушыларды «қызмет шәһиді» деп санауға келісті
Нау 10, 2020 16:37 Asia/Almaty
Ислам революциясы жетекшісінің мақұлдауымен денсаулықты сақтау саласындағы белсенділер «қызмет шәһиді» саналатын болды.
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Иранның Денсаулық сақтау министрі Саид Намакидің коронавирусқа шалдыққан ауруларға қызмет жасау ағымында қайтыс болған дәрігерлер, медбикелер мен басқа қызметшілерді қызмет шәһиді деп санау ұсынысын қолдады. Иранның Денсаулық сақтау министрі Ислам революциясы жетекшісіне жазған хатында бұл кісінің денсаулықты сақтау саласында қызмет етіп, қаза тапқандарды «қызмет шәһиді» деп санауға келіскеніне алғыс айтты.
Тегтер