Рухани: Дәрігерлер мен медбикелер коронавирусқа қарсы күрестің алғашқы қатарында
Нау 11, 2020 14:14 Asia/Almaty
ИИР Президенті сейсенбі кешке ел дәрігерлерінің тәулік бойы жұмысына алғыс айтып, дәрігерлер мен медбикелердің коронавирусқа қарсы күрестің алғашқы қатарында екенін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани Instagram парақшасында дәрігерлер мен медбикелердің қажымас еңбегі туралы баяндап: «Иран халқы дәрігерлер мен медбикелердің талпыныстары мен жанкештілігін ұмытпайды»,- деп жазды.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өкілдері сейсенбі күні Теһрадағы бірнеше аурухананы аралап, Иранның коронавирустың таралуына қарсы және оны бақылауға алу жұмыстарын маңызды деп бағалады.
Тегтер