Иран: Сауд Арабиясының коронавирусты саясиландырмағаны жөн
Нау 11, 2020 14:42 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сауд Арабиясы басшыларын коронавирусты саясиландырмауға шақырды.
Сейед Аббас Мусави «Спутник» ақпарат агенттігінің Сауд Арабиясының саудиялық азаматтардың шетелдік төлқұжатына ену мөрінің қойылмауы жөніндегі уәжі туралы сұраққа былай деп жауап берді: «Иран Сыртқы істер министрлігі бұдан бұрын бұл тақырыпты түсіндірген болатын, сондықтан саудиялықтардың бұл қарапайым мәселені қайта көтеруі таңғалдырады. ИИР-ның электрондық виза беру тәртібі Британия, АҚШ және Канада паспорттарына иелерден басқа барлық елдердің азаматтары үшін брдей және дамыған елдердің көбінде қолданылатын тәртіп сынды шетелдік төлқұжатқа ену және шығу мөрі қойылмайды».
Тегтер