Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 3000 адам жазылды
Нау 11, 2020 19:10 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы кезге дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 2959 адамның жазылып, ауруханалардан шыққандарын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хатшысы Киануш Жаһанпур сәрсенбі күні журналистердің алдында бұл елде коронавирусқа 9000 адамның шалдыққанына тоқталып: «Өкінішке орай осы кезге дейін бұл вирустың салдарынан 354 адам қаза тапты»,- деді.
Соңғы мәлметтер бойынша, әлемде 119000 адам бұл ауруға шалдығып, олардың 66000-нан артығы жазылып, 4300 жуығы қаза тапты.
Тегтер