Мусави Трампқа: Иран АҚШ дәрігерлерін қажет етпейді, Америка халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етіңіз
https://itolqyn.com/news/iran-i45882
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жұма күні таңертең АҚШ Президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі Вашингтонның Иранға коронавируспен күресуге дайын екені туралы уәжіне реакция білдіріп: «ИИР Иран әлемдегі ең жақсы, тиімді және батыл медициналық персоналға ие және америкалық дәрігерге мұқтаж емес»,- деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 13, 2020 15:06 Asia/Almaty
  • Мусави Трампқа: Иран АҚШ дәрігерлерін қажет етпейді, Америка халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етіңіз

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жұма күні таңертең АҚШ Президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі Вашингтонның Иранға коронавируспен күресуге дайын екені туралы уәжіне реакция білдіріп: «ИИР Иран әлемдегі ең жақсы, тиімді және батыл медициналық персоналға ие және америкалық дәрігерге мұқтаж емес»,- деп қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Мусави Трампқа жолдап: «АҚШ  екіжүзді жанашырлығының орнына Иранның дәрігерлері мен халқына дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жеткізілу үшін экономикалық  және медициналық терроризмді тоқтатуы керек»,- деп жазды. Мусави Трампқа АҚШ халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуді ұсынды.

Дональд Трамп бейсенбіде Ақ үйде Ирландия Премьер-министрімен кездесуінде АҚШ-тың әлемдегі ең жақсы дәрігерлергі ие екенін және Иранға коронавируспен күресуге көмектесуді ұсынғаны жөнінде уәжденді.