АҚШ санкциялары Иранның коронавирусқа қарсы жұмыстарына әсерін тигізуде
(last modified Fri, 13 Mar 2020 15:18:36 GMT )
Нау 13, 2020 21:18 Asia/Almaty
  • АҚШ санкциялары Иранның коронавирусқа қарсы жұмыстарына әсерін тигізуде

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында коронавируқас қарсы тұру үшін АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты заңсыз санкцияларының күшін жою қажеттілігін қуаттады.

 Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттеришке жазған хатында: «Иранның денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми әлеуеті мен коронавируспен күресу ерік-жігеріне қарамастан АҚШ-тың заңды сауда қатынасына санкция енгізуі мен Вашингтонның дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сату мен гуманитарлық көмектерге тыйым салуы Ирандағы коронавирустың таралуымен күресу талпыныстарды шынайы қиындықтарға тіреді»,- деп жазды. Коронавирус шамамен әлемдік мәселеге айналған жағдайда, бұл вирусты бақылауға алып  жою үшін барлығынан бұрын әлемдік жауапкершілік пен ынтымақтастық және елдердің бірлігі қажет. АҚШ-тың біржақты және залым әрекеттері мемлекеттердің, оның ішінде ИИР-ның коронавируспен күресуіне шынайы кедергі болуда. Мұндай жағдайда халықаралық ұйымдардың, әсіресе БҰҰ-ның АҚШ-тың қирату саясаттарына шара қолданбауы бұл мемлекеттің адамгершіліктен жат  әрекеттерін жалғастыруға жол ашады. Дәрі-дәрмек,  медициналық жабдық, гуманитарлық тауарлар мен азық-түлікке санкция енгізу адам құқығы негізгі заңдарын бұзады және адамзаттың өмірі мен тұрмысына тікелей қауіп төндіреді. Медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмекке санкция енгізу  Иран сияқты санкция енгізілген елдерде адамдарға медициналық қызмет көрсету үдерісін бұзады және Адам құқығы  декларациясының 25-бабында көрсетілген денсаулыққа жөніндегі құқықты бұзады. Бұл салада халықаралық және адам құқықтары мәселенің зерттеуші Амир Бипарваның пікірінше,  дәрі-дәрмек пен   басқа медициналық мүмкіндіктерге қол жеткізуге кедергі келтіретін санкциялар адамның өміріне тікелей қауіп төндіреді және адамның басқа да құқықтарының негізін құрайтын ең басты адам құқығын бұзады. Иранға  дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жіберуге тыйым салу бұл елдің Денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күресу жұмысына әсерін тигізіп, коронавирусқа шалдыққан кейбір адамдардың  өліміне себеп болды.  Халықаралық қылмыстық сот Жарғысының 7-бабына сәйкес, санкция  қолданушылар  біржақты әрекеттеріне байланысты адамзатқа қарсы қылмыс  жасаушылар ретіне айыпталады.  Медициналық жабдықтар пен дәрі-дәрмек  азат саудасы,   барлық елдердің өз тәжірибесімен бөлісуі, сондай-ақ барлық елдер мен БҰҰ-ның жауапкершілігінің арқасында әлемде кеңінен таралған коронавирусты жеңіп,барлық халықтардың өмір сүру құқығын қамтамасыз етуге болады. ИИР коронавирусқа қарсы күрестің алғашқы қатарында тұрған жағдайда АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық және медициналық лаңкестікті тоқтату қажет.