АҚШ мүддесін қорғаушысы Трамптың негізсіз уәждерінен кейін Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
(last modified Sat, 14 Mar 2020 13:10:26 GMT )
Нау 14, 2020 19:10 Asia/Almaty
  • АҚШ мүддесін қорғаушысы Трамптың негізсіз уәждерінен кейін Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

АҚШ Президентінің Иранды Ирактың әт-Таджи қаласындағы халықаралық коалиция деп аталған күштердің базасына жасалған шабуылға жауапты деп уәжденуінен кейін Теһрандағы Швейцария елшісі АҚШ мүдделерін қорғаушысы ретінде Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

Сейед Аббас Мусави сенбі күні АҚШ мүдделерін қорғаушысы Швейцария елшісіне наразы нотасын тапсырып: «Бұл кездесуде Швейцария елшісі АҚШ Президентінің басқаларды айыптаудың орнына бұл елдің Ирактағы заңсыз орналасу мен бұл елдің қолбасшысы мен басқа жауынгерлерін террор ету қате саясаттарының Ирак халқының АҚШ-қа деген жиіркенішінің негізгі себебі екенін қабылдауы керек»,- деп айтылды. Мусави сондай-ақ Швейцария елшісіне америкалық тараптың қисынсыз әрекеттері және олардың салдары жөнінде ескерту жасап: «Бұл кездесуде АҚШ мүдделерінің қорғаушысына АҚШ-тың Ирактағы қате саясаттарының қазіргі шиеленіске себеп болғаны және АҚШ  басшыларының, әсіресе АҚШ басшылары негізсіз әрі қатерлі сөздерімен өз жауапкершілігін басқаларға арта алмайтыны қуатталды»,- деп қосты.