Иранда коронавирусқа шалдыққан 4000-нан астам адам жазылды
Нау 14, 2020 19:43 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 4339 адам жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деп мәлімдеді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық қатынас және баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 12000-нан астам адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, осы уақытқа дейін 611 адам вирустан көз жұмды»,- деді.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін әлемде 146 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 75 мыңнан астам адам жазылды және кемінде 5400-ға жуық адам қайтыс болды.
Тегтер