Иранда коронавирус жұқтырғандардың 5 мыңға жуығы сауықты
Нау 15, 2020 21:24 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін Иранда коронавирус жұқтырған 4790 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп мәлімдеді.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Киануш Жаһанпур жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 13938 адам вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, осы күнге дейін 724 адам вирустан көз жұмды»,-деді.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы күнге дейін әлемде 157 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Олардың 76 мыңы сауығып, кемінде 5800 адам көз жұмды.
Тегтер