Ислам революциясының жетекшісі: Коронавируспен күрес ұлттық жасағы қатерді мұрсатқа айналдырады
https://itolqyn.com/news/iran-i45925
Ислам революциясының жетекшісі Иран Денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күресіп, оның алдын алу үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтып, осы ведомство мен Ұлттық штабтың вирустың алдын алу үшін берген кеңестерін міндетті түрде орындау қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 16, 2020 17:44 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Коронавируспен күрес ұлттық жасағы қатерді мұрсатқа айналдырады

Ислам революциясының жетекшісі Иран Денсаулық сақтау министрлігінің коронавируспен күресіп, оның алдын алу үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтып, осы ведомство мен Ұлттық штабтың вирустың алдын алу үшін берген кеңестерін міндетті түрде орындау қажеттігін қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күнгі жолдауында Иранда  Коронавируспен күрес ұлттық жасағын құру жобасының бәлені нығметке, қатерді мұрсатқа айналдыратынын айтып: «Ғылыми, діни-джиһадтық және адамдық негіздерге сүйенген Коронавируспен күрес ұлттық жасағын құру –  орынды да тиімді жоба»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бұл жолдауда Иран Денсаулық сақтау министрі мен оның әріптестеріне сәттілік тіледі.

Иран Қарулы күштерінің көмегімен ел үкіметінің алдын алу және емдеу шараларымен бір мезгілде, халықтың әріптестігімен вирустың бар-жоғын жылдам анықтау, жұқтырғандармен қатынаста болған адамдарды табу, науқастарды карантинге жатқызу және коронавируспен ауырғандарды емдеу жұмыстары жедел түрде атқаралып жатыр.