Иранда коронавируспен күрес аясында 10 млн адамға скрининг жасалды
https://itolqyn.com/news/iran-i45928
Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары елде коронавируспен күрес аясында 10 млн-нан аса адамға скрининг жасалғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 16, 2020 20:41 Asia/Almaty
  • Иранда коронавируспен күрес аясында 10 млн адамға скрининг жасалды

Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары елде коронавируспен күрес аясында 10 млн-нан аса адамға скрининг жасалғанын хабарлады.

Әлиреза Раиси жексенбі күні 10 млн адамға жасалған скрининг нәтижесінде  900 адам ауруханаға жатқызылғанын айтып: «Иранда коронавируспен күрес ұлттық жобасы аясында 6 млн-ға жуық адам медициналық орталықтарда, 3 млн 700-ден аса адам Денсаулық сақтау министрінің порталына кіріп скринингтен өтті»,-деді.

Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары елдің кейбір облыстарында халықтың 75 пайыздан астамының скринингтен өткенін айтып: «Скрининг жасау жобасы – коронавирустың таралуын тоқтату үшін шығыны  аз қолжетімді тәсілдердің бірі»,-деді.  

Иран Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін елде вирус жұқтырған 13 938 адамның 4790-ы сауығып, ауруханадан шығарылды.