Иранда коронавируспен күрес аясында 10 млн адамға скрининг жасалды
Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары елде коронавируспен күрес аясында 10 млн-нан аса адамға скрининг жасалғанын хабарлады.
Әлиреза Раиси жексенбі күні 10 млн адамға жасалған скрининг нәтижесінде 900 адам ауруханаға жатқызылғанын айтып: «Иранда коронавируспен күрес ұлттық жобасы аясында 6 млн-ға жуық адам медициналық орталықтарда, 3 млн 700-ден аса адам Денсаулық сақтау министрінің порталына кіріп скринингтен өтті»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары елдің кейбір облыстарында халықтың 75 пайыздан астамының скринингтен өткенін айтып: «Скрининг жасау жобасы – коронавирустың таралуын тоқтату үшін шығыны аз қолжетімді тәсілдердің бірі»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін елде вирус жұқтырған 13 938 адамның 4790-ы сауығып, ауруханадан шығарылды.