Иранда коронавирус жұқтырған 5 мыңнан астам адам сауықты
https://itolqyn.com/news/iran-i45941
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін елде вирус жұқтырған 5389 адам сауығып, ауруханадан шығарылды»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 17, 2020 17:35 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус жұқтырған 5 мыңнан астам адам сауықты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін елде вирус жұқтырған 5389 адам сауығып, ауруханадан шығарылды»,-деп хабарлады.

 

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур сейсенбі күні тілшілерге берген  сұхбатында елде 16169 адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, осы күнге дейін 988 адам вирус салдарынан көз жұмды»,-деді.  

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде 184 мың адам коронавирус жұқтырса, олардың 80000 жуығы жазылып,  кемінде 7000 адам қайтыс болды.