Басқаны айыптау - АҚШ-тың жауапкершіліктен жалтару тәсілі
(last modified Wed, 18 Mar 2020 09:51:45 GMT )
Нау 18, 2020 15:51 Asia/Almaty
  • Басқаны айыптау -  АҚШ-тың жауапкершіліктен жалтару   тәсілі

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы басқаны айыптауды АҚШ-тың жауапкершіліктен жалтару тәсілі деп тапты.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сәрсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «АҚШ басшылары Қытай мен Иранды айыптаудың орнына бұл елдің коронавирусты шығарып тарату үдерісі мен Иран халқына қарсы экономикалық санкцияларды жалғастыруына байланысты халықаралық талаптарға жауап бергендері жөн»,- деп жазды.  

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео кеше, сейсенбі күні журналистердің Вашингтонның коронавирусты бақылауға алу жұмыстарының осалдығы туралы сұрағына жауап берудін орнына  Қытай мен Иранды бұл вирус туралы адастыратын мәлімет таратуымен айыптады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь Twitter-дегі парақшасында Уханьге коронавирусты АҚШ әскерилері әкелген болар деген болжам жасап: «АҚШ Бейжінге түсініктеме беруі керек»,- деп жазды.