Иранда коронавирусқа шалдыққан 6 мыңға жуық адам сауықты
Нау 18, 2020 19:57 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін елде вирус жұқтырған 5710 адам жазылып, ауруханадан шығарылды»,-деп хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Әлиреза Раиси сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 17361 адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, осы күнге дейін 1135 адам вирус салдарынан көз жұмды»,-деді. Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде 202 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырса, олардың 83000 жуығы жазылып, кемінде 8000 адам қайтыс болды.
Тегтер