Ислам революциясы жетекшісі 1399 жылды «өндіріс серпілісі» жылы деп атады
Ислам революциясы жетекшісі 1399 жылды «өндіріс серпілісі» жылы деп атап: «Өндіріс серпілісі – халық тұрмысын өзгертуі керек»,- деді.
Аятолла Хаменеи бүгін, жұма күні хиджри-шамсидің 1399 жылының басталуына орай жасаған жолдауында биылғы жылдың бірінші күнінің хазірет Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнімен тұспа-тұс келуіне тоқталып, хазіретке сәлем мен салауат айтып, сондай-ақ халықты, әсіресе шәһидтер мен соғыс ардагерлерінің отбасыларын, денсаулық және басқа салаларда қызмет етушілерді алдағы Мабас күні және Наурыз мерекесімен құттықтап, Жаңа жылды «өндіріс серпілісі» жылы деп атады.
Ислам революциясы жетекшісі 1398 жылы қасиетті кесенелер мен шекараларды қорғап, сондай-ақ олардың қолбасшысы болған сардар Ғасем Солеймани мен Абумәһди әл-Моһандес пен олармен бірге және Керман оқиғасы мен, ұшақ апаты, денсаулықты сақтау саласында қызмет етіп шәһид болғандардың отбасыларына көңіл айтып: «Өткен жыл су тасқынымен басталып, коронавируспен аяқталды. Жыл бойы жерсілкініс пен санкциялардың куәсі болдық, бірақ бұл оқиғалардың ең қиыны АҚШ-тың лаңкестік қылмысы және Иран мен Исламның танымал сардары Ғасем Солейманидің қаза тапқаны болды»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи 98 жылдың сынақтарын қиын сынақтар деп атап, ешбір халықтың тек ыңғайлық пен тұрмысын жақсартуды ғана ойлап, ешбір мақсатына жете алмайтынын қуаттап: «Қиыншылықтарды жеңу халыққа рухани күш береді. Иран халқы осы кезге дейін жолында кездескен әр қиындықты жеңіп келді, осыдан кейін де оларды жеңеді. Иранға қарсы санкциялардың зиянымен бірге пайдалары да болды. Бізді күнделікті тұрмыс пен елге қажет нәрселерімізді жергілікті мүмкіндіктерді пайдаланып өндіру туралы ойлануға мәжбүрледі. Бұл өте маңызды әрекет және Құдай қаласа одан сайын жалғасады. Өткен жыл өте қиын жыл болып, халықтың көрген ауыртпалықтары аз болмады. Бірақ қиындықтарымен бірге бұрын-сонды болмағанан жетістіктер де болды. Иран халқы шынайы алға ілгерледі»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи елдің өндірісті қажет етуі туралы сөзін қорыта, 1399 жылды «өніріс серпілісі» жылы деп атап, биліктін өндіріс серпілісі халықтың тұрмысын жақсартатындай жұмыс жасау қажеттілігін қуаттады.