Рухани: Иранның түпкір-түпкіріндегі коронавирусқа қарсы күрестін мәліметтері үміттендіретіндей
ИИР Президенті халықтың коронавирусқа қарсы әрекеттерді басқару штабының ұсынымдарын орындауына ризалығын білдіріп, Иранның түпкір-түпкіріндегі коронавирусқа қарсы күрестін мәліметтері үміттендіретіндей екенін қуаттады.
ИИР Хасан Рухани сенбі күні коронавирусқа қарсы ұлттық штабтың атқарушы және сот басшылары мен елдің қарулы күштер бас штабының қолбасшысының қатысуымен өткен отырысында: «Иран халқы залым санкциялардың салдарынан туындаған қиындықтарына қарамастан атқарушы органдармен ынтымақтастық етуде»,- деді. ИИР Президенті коронавирусқа шалдыққан шетелдік азаматтардың жағдайын жақсаруын жылдамдату қажеттілігіне тоқталып: «Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан елдерінен зиярат жасау үшін келген жолаушылар коронавирусқа шалдыққан жағдайда оларға дәрігерлік көмек көрсетілген соң, елдеріне қайтарылады»,- деп қосты.