Иран халқы – коронавирус пен АҚШ санкцияларының құрбаны
https://itolqyn.com/news/iran-i45996
Иран коронавирустың ғаламдық қатерімен тиімді күресумен қатар, денсаулық дипломатиясын әлемнің қоғамдық пікірін АҚШ-тың залым санкцияларының Иран халқының деснаулығы мен коронавирусқа қарсы күресінің сапасына әсерін тигізуі жөнінде хабардар етуде.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 21, 2020 19:27 Asia/Almaty
  • Иран халқы – коронавирус пен АҚШ санкцияларының құрбаны

Иран коронавирустың ғаламдық қатерімен тиімді күресумен қатар, денсаулық дипломатиясын әлемнің қоғамдық пікірін АҚШ-тың залым санкцияларының Иран халқының деснаулығы мен коронавирусқа қарсы күресінің сапасына әсерін тигізуі жөнінде хабардар етуде.

 

АҚШ үкіметінің заңсыз біржақты санкцияларына байланысты Иран шекараны танымайтын коронавируспен күресуде. Бұл санкциялар Иранның науқастарға дәрігерлік қызмет етуінің сапасына әсерін тигізіп, қарапайым азаматтарыынң өмірін қатерге тіреді. АҚШ-тың адам құқығына қарсы әрекеттері тек Иран халқының ғана емес, адамзаттың денсаулығын қауіп-қатерге тіреді.  Иранның өлімге әкелетін коронавирусқа қарсы күресі тиімді болмағанымен, бұл вирус басқа елдерде де, соның ішінде АҚШ  халқына да қауіп төндіріп тұр. Covid-19 вирусымен күресудің жалғыз тәсілі   бірлесіп әрекеттену және халықты құтқару үшін барлық ғылыми жетістіктермен бөлісу және   дәрілер мен медициналық техниканы шексіз пайдалану болып табылады.  Осыған байланысты ИИР-ның Президенті Хасан Рухани жұма күні Америка халқына  арнап: «Covid-19 жеңу - жаһандық міндет.  Қатерлі коронавирус таралған жағдайда Теһран, Париж, Лондон және Вашингтонның қашықтығы байқалмайды»,- деді.  Рухани АҚШ халқына жолдаған сөзінде Ирандағы дағдарыс жағдайда қаржы қатынасқа шектеу салатын және дәрігерлік жүйені осалдатқысы келетін әр дұшпандық саясаттың басқа елдердегі ортақ мәселемен күресуге тікелей әсер ететіні туралы ескерту жасады. Мұндай жағдайда АҚШ үкіметі Иран халқына көмек көрсетуге дайын болуы жөніндегі уәждерін, Дональд Трамп жұма күні: «Иранның басшылары коронавирус кезінде санкцияларының күші жойылады немесе олар азаяды деп ойламасын» деген жағдайда айтуда.  АҚШ үкіметінің бұл ұстанымы америкалық басшылардың Иран халқына  қамқоршылық білдіруінің өтірік жылас, сондай-ақ АҚШ үкіметінің коронавирусқа қосылып Иран халқының өліміне себепші екенін көрсетеді. Сондықтан олар жауап берулері керек.