Францияда ирандық азамат азамат босатылды
ИИР Жоғары сот баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын бұзды деген сылтаумен Францияда қамауға алынған ирандық инженер Джалал Рухалланежадтың босатылғанын хабарлады.
Ғұламхосейн Исмаили Джалал Рухалланежадтың азат етілуіне тоқталып: «АҚШ-тың қастығымен Францияда тұтқындалып, негізсіз айыптаулармен өзін қорғау құқыдан айырылып, бұл елдің абақтыларының біріне қамалған Иранның жазықсыз азаматы халықаралық қудалау мен Иранның сот билігінің шараларынан кейін босатылды»,- деді. Исмаили ирандық азаматтың тыңшылық ету қылмысы үшін айыпталған франциялық тұтқымен айырбасталғанын қуаттап: «Ислам республикасының қауіпсіздік күші, діни негіздері мен ерік-жігерін көрсеткен бұл әрекеттін адам құқығы туралы уәжденетін америкалықтар үшін сабақ болар»,- деп үміттенді.