Иранда коронавирусты емдейтін жаңа дәрі өндіріледі
https://itolqyn.com/news/iran-i46006
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің азық және дәрі-дәрмек басқармасының басшысы: «Қытайда науқастардың еміне сәтті пайдаланылған вирусқа қарсы жаңа дәрі жақын арада Иранда өндіріледі»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 22, 2020 15:13 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусты емдейтін жаңа дәрі өндіріледі

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің азық және дәрі-дәрмек басқармасының басшысы: «Қытайда науқастардың еміне сәтті пайдаланылған вирусқа қарсы жаңа дәрі жақын арада Иранда өндіріледі»,- деді.

 

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің азық және дәрі-дәрмек басқармасының басшысы Әли Раззазан IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бұл вирусқа қарсы дәріге қажет заттар осы кезде Иранға жетті, кедең жұмыстары аяқталған соң екі күннің ішінде бұл дәрінің өндірісі басталады»,- деп қосты. Раззазан бұл дәрінің Қытайдағы коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге көмектескеніне тоқталып: «Бұл Қытайда жасалып, сынақтан өткен тәуелсіз вирусқа қарсы дәрі. Ирандағы вирусқа қарсы басқа дәрілермен бірге аталмыш дәрі  Сovid -19 вирусына шалдыққандарды емдеуге көмектеседі»,- деді.