Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 8400 адам емделіп шықты
https://itolqyn.com/news/iran-i46022
Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 8376 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2020 17:18 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 8400  адам емделіп шықты

Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 8376 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп хабарлады.

 

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Киануш Жаһанпур тілшілерге берген сұхбатында елде 23049 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, өткен күні 127 адамның өлімімен осы күнге дейін 1812 адам вирустан көз жұмды»,- деді.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде шамамен 343000  жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 99 мыңнан астамы жазылып шықса, кемінде 14 мың адам көз жұмды.