Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 9000 адам емделіп шықты
Нау 24, 2020 18:59 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 8913 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Киануш Жаһанпур тілшілерге берген сұхбатында елде 24811 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, өткен күні 122 адамның өлімімен осы күнге дейін 1934 адам вирустан көз жұмды. Осы кезде Иранда коронавирусқа қарсы ұлттық жобаға 41 миллионнан астам адам қатысуда»,- деді.
Тегтер