Иранда коронавирусқа шалдыққан 9000-нан астам адам емделіп шықты
Нау 25, 2020 17:59 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 9625 адамның сауығып, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Киануш Жаһанпур тілшілерге берген сұхбатта: «Кеше 143 адамның өлімімен осы күнге дейін Иранда 2077 адам вирустан көз жұмды»,- деді.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемнің түкпір-түкпірінде коронавирусқа шамамен 428000 адам шалдығып, олардың 19000 қаза болса, 109000 адам жазылды.
Тегтер