Иранда коронавирусты анықтауға арналған жылжымалы биологиялық зертхана ашылды
https://itolqyn.com/news/iran-i46099
Теһранда коронавируске тест тапсыруға болатын жылжымалы биологиялық зертхана ашылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 29, 2020 17:05 Asia/Almaty

Теһранда коронавируске тест тапсыруға болатын жылжымалы биологиялық зертхана ашылды.

Иранның медициналық қоғамы ерікті ұйымының басшысы Ибрахим Мотавалиан сенбі күні коронавируске тест тапсыруға болатын жылжымалы биологиялық зертхананы ашу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Ұқсас модельдермен салыстырғанда нәтижені тезірек анықтайтын бұл аппаратты Иранның Пастур институты растады»,-деді.

Мотавалиан бұл аппараттың күніне 200 адамды тексере алатынын айтып: «Жылжымалы биологиялық зертхана жобасы екі аптада дайындалды. Онда бүкіл қорғаныс жүйесі бар»,-деді.