Рухани: Иранның коронавируспен күрестегі талпынысын әлем мойындайды
https://itolqyn.com/news/iran-i46104
ИИР Президенті: «Елдің Денсаулық сақтау министрінің COVID-19 ауруы туралы есебінен кейін Иранның науқастарды емдеу жолындағы талпыныстарын мойындауға боларлық дәрежеде деп айтуға болады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 29, 2020 19:17 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның коронавируспен күрестегі талпынысын әлем мойындайды

ИИР Президенті: «Елдің Денсаулық сақтау министрінің COVID-19 ауруы туралы есебінен кейін Иранның науқастарды емдеу жолындағы талпыныстарын мойындауға боларлық дәрежеде деп айтуға болады»,-деді.

Хасан Рухани бүгін, жексенбі күні Министрлер кабинетінің отырысында облыстардың көбінің коронавирус дағдарысының шарықтау шегінен өткенін айтып: «Ирандағы статистиканы басқа елдердің, тіпті еуропалық елдердің статистикасымен салыстырғанда елдегі жағдайдың жақсырақ екенін көруге болады»,-деді.

Рухани Иранды коронавирустан кейінгі кезеңге дайындау қажеттігін айтып, Иранда денсаулық, қауіпсіздік пен өндірісті әрдайым үкіметтің назарындағы басты басымдықтар деп атады.