Иранда коронавируспен күрес жобасын орындау барысында 61 млн-нан астам адамға скрининг жасалды
https://itolqyn.com/news/iran-i46114
Иранның Ұлттық коронавируспен күрес штабының хатшысы елде 61 млн-нан астам адамға скрининг жасалғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 30, 2020 16:10 Asia/Almaty
  • Иранда коронавируспен күрес жобасын орындау барысында 61 млн-нан астам адамға скрининг жасалды

Иранның Ұлттық коронавируспен күрес штабының хатшысы елде 61 млн-нан астам адамға скрининг жасалғанын хабарлады.

Хамидреза Джамшиди жексенбі күні кешке әлемде коронавирус жұқтырғандарға скрининг жасау жобасының бұрын‑соңды болмағанын айтып: «Басқа елдер қоршаған ортаның саулығы мен әлеуметтік қашықтықты сақтау саласында жақсы әрекет етті, бірақ әрбір адамның жағдайын жеке тексеру тек Иранда орындалды»,-деді.

Джамшиди Иранда скрининг жобасы орындалғаннан кейін ауруханаларға келушілердің саны азайғанын айтып: «Скрининг жобасында осы күнге дейін 17 мың науқас анықталып, олардың шамамен 5 мыңы ауруханаға жатқызылды»,-деді.   

Джамшиди, сондай-ақ, Иран ауруаналарында 130 мың медициналық персоналдың амбулаторлық және стационарлық науқастарға қызмет көрсетіп жатқанын айтып: «Қазір елде 82 зертхана жұмыс істеп жатыр. Олар амбулаторлық науқастардан да анализ алады»,-деді.