Иранда дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан екі нәрестені емдеп шығарды
Нау 30, 2020 18:30 Asia/Almaty
Иранда коронавирусқа шалдыққан екі нәресте сауығып, ауруханадан шығарылды.
Коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен туғанына төрт және он төрт күн ғана болған екі нәрестені дәрігерлер ауруханада емдеген соң кеше жексенбі күні шығарылды.
Бұдан бұрын Иранда коронавирусқа шалдыққан 103 жастағы әйел мен 100 жастағы ер адам жазылып, жалпы жағдайлары жақсы күйде ауруханадан шығарылды.
Тегтер