Иранда коронавирусқа шалдыққан 14 мыңға жуық адам емделіп шықты
https://itolqyn.com/news/iran-i46122
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 13911 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 30, 2020 18:56 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан 14 мыңға жуық адам емделіп шықты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 13911 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Киануш Жаһанпур дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Иранда 41495 адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, өткен бір күнде елде вирустан 117 адам көз жұмды. Жалпы бұл ауру дан қайтыс болғандардың саны 2757 адамға жетті»,-деді.