Зариф: АҚШ адами апатты кек алу үшін пайдаланып жатыр
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның командасының коронавирустың таралуын кек алу, жиіркеніш тарату және сайлау алды науқаны үшін пайдаланып жатқанын сынады.
Мохаммад Джавад Зариф кеше дүйсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасындағы жазбасында әлемде жайылған коронавирусқа тоқталып: «Адамзаттың тағдырын қатерге тіккен бұл жұқпалы ауру әріптестік, тілеулестік пен бірлескен дұғаны қажет етеді.
АҚШ-тың қазіргі басшысы мен оның командасының адамзатқа қарсы апатты өте жағымсыз тәсілде кек алу, жиіркеніш тарату мен сайлауалды науқаны үшін пайдалануы – тарихта бұрын‑соңды болмаған жағдай»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Мәскеуде басылып шығатын «Коммерсантъ» газетінде жарық көрген «Бізбен емес, вируспен күресіңіздер» атты мақалада АҚШ-тың зорлығына көну дәуірінің аяқталғанына тоқталып: «Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтың өзінің шынайы рөлін атқарып, АҚШ-тың заңсыз әрі ұятсыз санкцияларын тоқтататын кезі жетті»,-деді.