Иранда коронавирустан емделіп шыққандардың саны 14656 адамнан асты
https://itolqyn.com/news/iran-i46136
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 14656 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 31, 2020 21:15 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан емделіп шыққандардың саны 14656 адамнан асты

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 14656 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһангир сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде 44606 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, өткен 24 сағатта Иранда 141 адам коронавирустан көз жұмды. Елде вирустан 2898 адам қаза тапты»,-деді.