Рухани: Иранда коронавирусқа шалдыққандар санының азая бастауы дұрыс жолды таңдағанымызды көрсетеді
https://itolqyn.com/news/iran-i46149
ИИР Президенті халыққа әлеуметтік қашықтықты сақтау жобасын орындауда әріптестік жасағаны үшін алғыс айтып: «Иранның барлық облысында коронавирусқа шалдыққандар санының азая бастауы осы вируспен күресте медицина қызметкерлері мен халықтың дұрыс жолды таңдағанын көрсетеді »,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 01, 2020 17:52 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранда коронавирусқа шалдыққандар санының азая бастауы дұрыс жолды таңдағанымызды көрсетеді

ИИР Президенті халыққа әлеуметтік қашықтықты сақтау жобасын орындауда әріптестік жасағаны үшін алғыс айтып: «Иранның барлық облысында коронавирусқа шалдыққандар санының азая бастауы осы вируспен күресте медицина қызметкерлері мен халықтың дұрыс жолды таңдағанын көрсетеді »,-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің отырысында елде коронавирусқа шалдыққандар санының азая бастағанына тоқталып: «Әлемнің дамыған елдерінің коронавируспен күрестегі қазіргі жағдайын Иранмен салыстырғанда Иран халқының дұшпандардың өтірік уәждеріне кесімді жауап бергенін көруге болады.

Әлемнің ірі индустриалды елдерінде медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық байқалып жатқан шақта «вентилятор» атты тыныс алу аппараттары мен басқа да қажет медициналық құралдар Иранда жеткілікті деңгейде жасалып, ауруханаларға беріледі»,-деді.

Рухани коронавирустың америкалықтардың Иран халқына дұшпандығын әшкерелей түскенін айтып: «Өкінішке орай, америкалықтар әлемдегі осындай ауыр жағдайдан да ғибрат алмады. Шын мәнінде бұл америкалықтар үшін өздерінің қате жолдарынан қайтуы үшін берілген ең жақсы тарихи мұрсат болып табылады»,-деді.