Генерал-майор Сафави: АҚШ-тың күш-қуаты құлдырайтын заман келді
(last modified Thu, 02 Apr 2020 11:34:53 GMT )
Сәу 02, 2020 17:34 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Сафави: АҚШ-тың күш-қуаты құлдырайтын заман келді

Иранның Бүкіл күштері қолбасшысының аға кеңесшісі әрі көмекшісі: «АҚШ-тың әлем мен Батыс Азия аймағындағы саяси-әскери күш-қуаты құлдырайтын уақыт жетті»,-деді.

Генерал-майор сейіт Яхия Рахим Сафави сәрсенбі күні Twitter-дегі жазбасында АҚШ-тың лаңкестік армиясының Иракта заңсыз қалуын жалғастыруына реакциясында: «АҚШ үкіметі халықаралық заңдар мен хаттамаларға берік болуына қатысты бір шешімге келуі тиіс. Иак Парламенті өткен жылдың соңында шетелдік күштерді елден шығару туралы бір қаулы қабылдап, америкалық лаңкес әскерилердің Ирак жерінен шығуын талап етті. Осы қаулыдан кейін бұл әскерилердің Иракта қалуы елдің егемендігін бұзу болып табылады»,-деді.

 

Тегтер