Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы коронавирусқа шалдықты
Сәу 03, 2020 15:45 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің қоғамдық қатынас департаменті елдің заң шығарушы органының басшысы Лариджанидің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің қоғамдық қатынас департаменті бейсенбі күні: «Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджаниден коронавирустың кейбір белгілері байқалған соң одан тест алынып, нәтижесі оң болып шықты. Лариджани қазір карантинге алынып, емделіп жатыр»,-деп мәлімдеме жасады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, осы күнге дейін елде 50468 адам вирус жұқтырды.
Тегтер