Иранда коронавирус жұқтырған 18 мыңға жуық адам емделіп шықты
https://itolqyn.com/news/iran-i46178
Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырған 17 935 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2020 20:01 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус жұқтырған 18 мыңға жуық адам емделіп шықты

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырған 17 935 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының жетекшісі Киануш Жаханпур жұма күні тілшілерге берген сұхбатында елде 53 183 адамның коронавирус жұқтырғанын, соңғы 24 сағат ішінде 134 науқастың өлімін қосқанда Иранда көз жұмғандар саны 3294-ке жеткенін мәлімдеді.