Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 20 мың адам жазылды
(last modified Sat, 04 Apr 2020 13:21:58 GMT )
Сәу 04, 2020 19:21 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 20 мың адам жазылды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі Иранда коронавирусқа шалдыққан 19736 адам емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

 

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының жетекшісі Киануш Жаһанпур сенбі күні тілшілерге берген сұхбатьа Иранда 55743 адамның коронавирусты жұқтырғанына тоқталып: «Өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан 158 адамның қаза болуымен, Иранда өлген адамдар саны 3452-ге жетті»,- деді.