Мусави: Америкалық дипломаттардың лаңкестерді қолдаумен айналысып жатқанына көп болды
ИИР СІМ ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының ирандық дипломаттарға жалған айып таққанына білдірген реакциясында: «Америкалық дипломаттардың лаңкестерді қолдап, құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп жатқанына біраз болды»,-деді.
Соғысқұмарлығымен қоса, «жиіркеніш министрі» деген атпен танымал АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жуырда Twitter-дегі жазбасында ирандық дипломаттарды Түркиядағы бір террорға қатысы бар деп айыптады.
Сейіт Аббас Мусави сенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «Бұлтартқысыз шындық мынада: АҚШ дипломаттарының төңкеріс жасау, лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз ету, мазхабаралық қатігездіктерді қоздыру, есірткі картельдерін қолдау, мемлекеттер мен компанияларға күш көрсетіп, қысым жасау, тіпті өз одақтастарына тыңшылық жасау, диктаторлар және лаңкестермен байланыс ұстаумен айналысып жатқанына біраз уақыт болды. Алайда Помпео мен оның басшылары мұнымен қоса медициналық терроризм атты жаңа кезеңге аяқ басты. Сондықтан осындай психологиялық тәсіл қолданатын оның ұжданы күнәға толы»,-деді.