ХВҚ-ның коронавирус жағдайындағы сынағы Иранның мүддесіне ме, әлде қарсы ма?
ИИР Президенті Халықаралық валюта қорының коронавирустың қиын жағдайындағы кемсітушілік сипаттағы қатынасына реакциясында: «Бұл қор өз міндетін орындауы тиіс»,-деді.
Хасан Рухани бейсенбі күні: «Халықаралық валюта қоры Иран халқы дұшпандарының бүлдіргі әрекекеттерінің ықпалына түспей, өзінің негізгі міндетін атқаруы тиіс»,-деп қуаттады.
Иранның Орталық банкінің басшысы Абдул Насер Хеммати Халықаралық валюта қорының басшысына хатында осынау қысылтаяң тарихи шақта АҚШ-тың аталмыш қор тарапынан бөлінетін қаражатқа қарсылығының қордың жұмысына зиян тигізбейтініне үміт білдірді.
Елдерге несие беріп көмектесу – Халықаралық валюта қорының ең маңызды жұмысы. Несиелер әдетте қорға мүше елдердің жарнасынан мұқтаж елдерге беріледі.
Халықаралық валюта қорында үш маңызды міндет бар: біріншісі – 189 мүше елдің қаржы-экономикалық өзгерістерін бақылау, екіншісі – мүше елдерге консультация беру, үшіншісі – қаржылай қиындыққа тап болған елдерге қысқа мерзімді несие беру.
Бұл күндері коронавирус әлемнің түрлі еліне таралды. Қауіпті вируспен күресу үшін жаңа қаржы көздеріне мұқтаж елдер бар. Осындай кезде Халықаралық валюта қорының үшінді міндеті, яғни коронавируспен күресіп жатқан мүше елдерге несие беру ісі атқарылуы тиіс.
Халықаралық валюта қоры әлемде коронавирус таралардан бір ай бұрын осы аурумен күресіп жатқан мүше елдерге ешбір шартсыз шұғыл көмек беруге дайын екенін жариялады.
Бұдан кейін Иранның Орталық банкі қордан қаржылай көмек алу құқығын пайдалануға өтініш білдірді, алайда ақырында Иран Халықаралық валюта қорынан несие алатындардың қорытынды тізіміне енгізілмеді.
Халықаралық валюта қоры АҚШ вето жариялағаннан кейін өзінің үшінші маңызды міндеті, яғни мұқтаж мүше елдерге, соның ішінде Иранға несие беруден бас тартып, кәсіби қатынас жасаудың орнына АҚШ саясаттарының ықпалына түскенін көрсетті.
Мұндай жағдайда ИИР – Халықаралық валюта қорының құрылтай мүшелерінің бірі. Осы күнге дейін қаржы амалдарын жақсы атқарып келді. Қазіргі жағдайда бұл қаржы ұйымы да өзіне жүктелген міндетті атқаруы тиіс.
Халықаралық валюта қоры бұл күндері әлемде коронавируспен күреске кедергі жасап отырған елдің ықпалында қалу арқылы іс жүзінде өзінің тікелей міндетінен алшақтады.