Иранда коронавирусқа қарсы денені анықтайтын шұғыл сынақ дайындалды
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі елде антиденені анықтау арқылы COVID-19 вирусын анықтайтын сынақ дайындалғанын, жақында бұл құралдың ауруханаларға жеткізілетінін хабарлады.
IRNA ақпарат арнасының хабарлауынша, Киануш Жаһанпур жексенбі күні таңертең Twitter-дегі жеке парақшасында: «Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялары мен технологтарының талпынысымен жақында антиденені анықтау арқылы COVID-19 вирусын анықтайтын сынақ дайындалып, қолданысқа беріледі. Бұл вирусты жылдам анықтау тәсілі арзан әрі жаппай қолданысқа ие болады. Осы тәсіл алдағы апталарда саналы түрде әлеуметтік қашықтықты сақтау жобасының кезең-кезеңмен орындалуын жеңілдетеді»,-деді.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша осы күнге дейін Иранда 70029 адам коронавирус жұқтырып, 4357 адам көз жұмды.