Иранның 16 облысында коронавирустың төмендеу тенденциясы байқалды
Сәу 15, 2020 14:51 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің орынбасары елдің 16 облысында коронавирустың төмендеу тенденциясының байқалғанын хабарлады.
Ирадж Харирчи сейсенбі күнгі отырыста: «Ел облыстарының 25 пайызында коронавирус жұқтырған адамдар саны бір күнде 10 адамнан аспағанын, қалған 25 пайызында 10-20 адам болғанын хабарлады. Харирчи өткен бір айдың ішінде қайтыс болғандар санының бірінші рет 100 адамнан төмен болғанына тоқталып, елдің түкпір-түкпірінде коронавирусты жаңадан жұқтырғандар санының төмендеуі байқалғанын атап өтті.
Тегтер