Иранда шамамен 50 000 адам коронавирустан жазылды
(last modified Wed, 15 Apr 2020 14:24:01 GMT )
Сәу 15, 2020 20:24 Asia/Almaty
  • Иранда шамамен 50 000 адам коронавирустан жазылды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі Иранда 49933 адамның коронавирустан емделіп, ауруханалардан шығарылғанын мәлімдеді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур сәрсенбі күні журналистерге берген сұхбатта коронавирустың  бұл елдегі төмендеу тенденциясына сілтеме жасап: «Соңғы 24 сағат ішінде диагностикалық критерийлер бойынша Сovid-19 жұқтырған тағы 1512 адам анықталды.  Елде вирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 76389 адамға жетті»,- деді. Жаһанпур сондай-ақ, соңғы 24 сағат ішінде басқа 94 науқастың көз жұмғанына  тоқталып: «Иранда коронавирус басталғаннан бері 4777 адам қайтыс болды»,-деді.